фото: The qazaq times.com
Жыл сайын күзге қарай үлкен қалаларда пәтер жалдау ақысы 10-15 процентке өседі.
Мәселен, қазір Алматыда бір бөлмелі баспананы жалға алу 170 мыңнан бастап, 300 мың теңгеге дейін барады. Ал екі бөлмелі пәтерді, 220 мың мен 500 мың теңгенің арасында таба аласыз. Егер нарықтағы бағадан 25-30 процентке арзан хабарландыруға көзіңіз түссе алданбаңыз. Мұндайда асығыстық танытпау керек дейді, мамандар.
Орынбасар Сатаев, Қазақстанның өзін өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығының мүшесі:
- Күдікті хабарландыруға аса асықпау керек. Сол сені асықтыру арқылы тек ғана бұл варианттан басқа вариант жоқ деу арқылы, сенің алдын-ала ақшаңды алып, залогыңды алып келісім шартсыз ауызша мүмкін басқа біреудің меншік иесіндегі пәтерді өткізіп кетуі мүмін. Сайттар арқылы алдын ала төлемдер жасамаңыз, өйткені қазір көптеген алаяқтық схемалар бар. Сондықтан міндетті түрде келісім-шартпен жұмыс жасаңыздар.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через