фото: Zakon.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматыда лай көшкіні салдарынан қираған үй үйіндісінің астында қалған барлық адамның денесі табылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды», - деп хабарлады қалалық ТЖД.
Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетуде.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты.
Оның айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған.
«Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар», - деді әкім.
Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады
«Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады», - деді аудан әкімі.
Бүгін Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через