фото: pixabay.com
Алматыда жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандырудың Cell Broadcast технологиясы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Мемлекет басшысының биыл 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласы әкімдігі пилоттық режимде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдай жөнінде жедел хабардар ету мақсатында осы жылдың мамыр айының соңына дейін 475 млн теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр», - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, Cell Вroadcast технологиясының дәстүрлі SMS-тен айырмашылығы желіге қосымша жүктеме жасамайды және базалық станциялардың антенналарын қамту аймағында орналасқан барлық абоненттер үшін жедел және жаппай таратуға, хабарлау уақыты мен жиілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через