Полиция департаментінің мәжіліс залында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Standard.kz.
Жиын өткізудің мақсаты – жас полицейлердің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін тәлімгерлік рөлін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Тәлімгерлердің жас қызметкерлермен жұмысы заңдар мен өкімдерді зерделеу, процессуалдық құжаттарды дайындау, қылмыскерлерді ұстау дағдыларын меңгерумен қатар, ішкі істер органдары қызметкерлері қатарындағы сыбайлас жемқорлық, пара алу, қызмет мүдделеріне опасыздық жасау деректерін жоюға бағытталған, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен ІІО ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысып, өз іс-тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерімен бөлісті, сондай-ақ ішкі істер органдарының үлгілі қызметкерлерінің ерліктері туралы әңгімеледі.
Ішкі істер органдарына қызметке келген жас қызметкерлер, сіздер, аға ұрпақтың дәстүрін лайықты жалғастырып, қызметте сынақтан абыроймен өтетіндеріңізге және қызметтік борышын өтеуде үлгі болатындарыңызға сенеміз, – деді Алматы қалалық ПД ардагерлер кеңесінің өкілі, милиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан.
Спикер жас тәртіп сақшыларына қарап сөз сөйлегенінде, олардың жауапты, қиын, бірақ абыройлы жұмысты таңдағанын атап өтті, деп жазды Polisia.kz.
Естеріңізде болсын, бұдан былай сіздер мемлекеттік биліктің өкілісіздер, сіздер әрқашан халықтың назарында боласыздар, тұрғындар сіздерге күнделікті түрлі мәселелер бойынша жүгінетін болады. Қызметтік форма, қару-жарақ пен арнайы құралдар сіздерге заңды қорғаудың нышаны және саналарыңызға сенімнің белгісі ретінде берілді. Демек, сіздердің әрбір әрекетіңіз бен сөзіңіз – мемлекеттік биліктің әрекеті мен сөзі. Халықтың, мемлекеттің мүддесі жолында, қандай жағдай болмасын Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, анттың, ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ар-намыс кодексінің талаптарын басшылыққа алып, басқаларға үлгі болатындай әрекет етіңіздер, – деді Олжас Мырзабеков.
Фото kpa.gov.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через