фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда топырақтың лайлануы салдарынан техногендік сипаттағы лай көшкені жүрді.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жер үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Оқиға орнында «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Сол жерге барған қала басшысы Ерболат Досаев бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Бүгін Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында топырақтың лайлануы салдарынан техногендік сипаттағы лай көшкіні болды.
Фото: Алматы әкімдігі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через