Алматыда тегін стоматологиялық қызмет кімдерге көрсетіледі

Алматыда тегін стоматологиялық қызмет кімдерге көрсетіледі

Алматыда амбулатория деңгейіндегі жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетімен қаржыландырылады және азаматтардың жекелеген санаттарына тегін көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі Ләйла Иманғалиева айтты.

Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

«Олар тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу, басқа да қызметтерді тегін пайдалана алады. Тіс дәрігерінің қызметіне жүгіну үшін стоматологиялық клиникаға хабарласып, қабылдауға жазылған дұрыс», - деді дәрігер.

Шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі.

Фото: akzhayik.103.kzdent-lux.kz