Алматыда шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр?

Алматыда шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр?

Алматы полициясы шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатқанын көрсетті

 23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.

 «Бүгінгі таңда 3 мыңға жуық көлік тіркеу рәсімінен өтті.  Кешегі күні ғана Алматыдағы төрт арнайы ХҚКО-да 125 көлік қазақстандық тіркеуге қойылды.  Экстерриториалдылық қағидасы қолданылатынын айтып өтейік.  Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Алматы қаласында тіркелген шетелдік көліктердің жалпы санынан 880 көлік 05 аймақтың (Алматы облысы), 475 - 08 аймақтың (Жамбыл облысы), 73 - 19 аймақтың (Жетісу облысы), 57 көлік - 13 аймақтың (Түркістан облысы) және т.б. аймақтардың нөмірлерін алды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелінетін шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы тапсырмасын іске асыру аясында жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

 Фото rudnyi-altai.kz