Алматыда 22 сәуір күні қала әкімдігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған Almaty Clean & Green кең ауқымды экологиялық акциясы өтті.
Бұл шараға жастардың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар мегаполисте жақсы дәстүрге айналуға тиіс.
"Бүгін саябақтағ әсіресе жастар көп. Бәрі көңілді. Айналаны жинап жүр. Бірақ, меніңше, экология проблемасын бұдан да үлкен жобаларды ұйымдастыру арқылы шеше аламыз", - дейді студенттер.
Жалпықалалық сенбілікке 82 мыңнан астам адам қатысып, 5 мың ағаш отырғызылды. Бір күнде барлығы 15 мың м3 астам қоқыс жиналды.
Осынау экологиялық акцияға Standard.kz порталының тілшілері де қатысып, Алматыны таза қалаға айналдыруға өз үлестерін қосты.
Фото sxodim.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через