фото: https://pixabay.com/ru/
Алматыда пәтер бағасы шаршы метріне 700 мыңға дейін арзандауы мүмкін. Мұндай болжамды риэлторлар айтып отыр.
Almaty.tv телеарнасының жазуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатында тұратын Тәуке хан Бақытжанұлы жер дүмпуі кезінде жары екеуі пәтерде болған. "Жоғары қабаттан жердің қозғалғанын қатты сездік" деген ол, сол түні жеке үйдің жарнамасын іздей бастаған. Алайда аяқ-асты ауыс-түйіске дайын болмағандықтан, 14-қабаттан 4-қабатқа көшуге мәжбүр болған.
– Пәтерде жоғары қабат болған соң жер сілкінгені қатты сезіледі. Жел соққанда желбіреген жапырақ сияқты болдық. Сондықтан сол түні жаңа пәтер қарадық, – деді қала тұрғыны Тәуке хан Әріпхан.
"Көшуге келісімшарт жасап, жер үйден жай табамыз" деген тұрғындардың тағы біразы ескі үйді алуға дайын болған. Алып-сатумен айналысатын мамандарға кірпіш үйге көп сұраныс түскен.
– Көп адам жер сілкінісінен соң, қатты үрейленіп қалды. 14-қабатта тұратын жас отбасы 2-3 қабаттан пәтер сұрады. Ал пәтер арзандайды. Жоғарғы қабаттағы пәтердің шаршы метрі 700-800 мың теңге түсуі мүмкін, – деді риэлтор Ерболат Досалиев.
Тұрғын үйлердегі пәтер құнының төмендеуі уақытша болуы да мүмкін. Оны мамандар психологиядағы эйфория түсінігімен байланыстырады. Яғни, зілзаладан секем алған сәтте шықан шешім болуы мүмкін. Алайда алматылықтарға жақсы таныс пәтер алып-сату платформасындағы жарнамалардың бірінде құны 65 миллион теңге болатын пәтердің қожайыны жер үйге ауысуға қарсы емес екенін көрсеткен. Ал 52 миллион теңгеге бағаланған үш бөлмелі баспананың иесі нақты тұрғысы келетін қала сыртындағы аумақтың мекенжайын жазып қойған. Демек, жер үйге деген сұраныстың бары жасырын емес.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через