Алматыда 9 сынып оқушысы сынып жетекшісінен көрген қысым мен физикалық зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік желіде бейнеүндеу жолдады.
Алматы қалалық №133 орта мектебінің 9 сынып оқушысы әлеуметтік желіде сынып жетекшісінің моральдық қысым мен зорлық-зомбылық жасағанын мәлімдеді. Сонымен бірге, мектеп директоры мен орынбасарлары мұғалімге қатысты тиісті шаралар қабылдамай жатқанын айтты.
Осыған орай, Алматы қаласы білім басқармасы комиссия құрылғанын және ол білім беру мекемесіне барып, аталған фактіні тексеретінін хабарлады.
«Мұғалім сынып жетекшісі қызметін атқарудан уақытша шеттетілді. Сондай-ақ, 16 мамыр күні бұл мәселені Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау жоспарлануда. Аталмыш мәселе қалалық білім басқармасының бақылауында», - деп хабарлады ведомствода.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото psyfiles.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через