фото: Алматы әкімдігі
Қазгидрометтің болжамы бойынша Алматы қаласының аумағында 11-12 желтоқсан аралығында биіктігі 7 см-ге дейін қар жауады.
Алматыда 11 желтоқсанда ауа температурасы -2 градус аяз, түнде -10... -12, 12 желтоқсанда күндіз -20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Осыған орай қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 51 патрульдік бригаданың кезекшілігін ұйымдастырды, 962 жол жұмысшысы, 360 бірлік арнайы техника, оның ішінде 124 құм таратқыш, 31 қар тиегіш, 32 қар шығару үшін самосвал жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда арнайы техниканың саны артады.
«Ауа райының нашарлауы мен қар түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда абай болғандары жөн. Жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау, автокөліктер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты, қауіпсіз қашықтықты сақтау, жолда маневр жасау кезінде ұқыпты болу қажет. Қауіпті жағдайда жол апатын алдын алу үшін жылдамдықты барынша төмендеткен жөн. Жаяу жүргіншілер жол бойында өте мұқият болу керек, қолайсыз ауа-райында көрінушіліктің шектеулі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін жүргізушілер көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоюды сұраймыз», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Әкімдікте сондай-ақ жол мен тротуарлар, қоғамдық пайдалану орындарында қар сапасыз тазаланған жағдайда Whats App +7 (706) 689 8898 нөміріне хабарласуға болатынын хабарлады.
Фото: Алматы әкімдігі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через