Алматыда «Food Expo Qazaqstan 2022» халықаралық көрмесі өтті

Алматыда «Food Expo Qazaqstan 2022» халықаралық көрмесі өтті

Қарашаның 2-4 аралығында Алматыда «Атакент» көрме орталығында  агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен аралас салалардың кешенді өсуі мен дамуына, заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдердегі нарықтың жаңа қажеттіліктерін ашуға бағытталған бір мезгілде бес көрме өтті.

Бұл шараға әлемнің 28 елінен 450 - ден астам компания қатысты.

Көрме аясында «Foodexpo Qazaqstan 2022 Үздік өнімі» тамақ өнімдері мен сусындардың кәсіби дәм тату байқауы өтті, Құзыретті қазылар алқасы 22 номинация бойынша үздіктерді анықтауға тырысты.

Бұл шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Eurasia компаниялар тобы ұйымдастырады.