Халықаралық белсенділік

Бөлісу

Алматыда Digital Almaty 2023 форумы өтеді

Алматыда Digital Almaty 2023 форумы өтеді

    2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтеді.

    Форумның басты тақырыбы инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ.

   Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. Digital Almaty-ге әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды.

    Айта кетсек, Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысады. ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен пленарлық сессияда талқылаудың негізгі тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту бағытына арналады. Спикерлер GovTech және FinTech даму перспективалары туралы әңгімелейді, сондай-ақ өңірде IT бизнесті одан әрі дамыту туралы көзқарасымен бөліседі.

  Форумда ел технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері ұйымдастырылады. Көрме аймақтары Индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелерді көрсетеді.

   Сонымен қатар, FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel саласындағы жобалар көрмесін қоса алғанда, 100 жаңа жоба ұсынылатын стартаптар аллеясы да IT-саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп ұйымдастырылады, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкелері. Дәстүр бойынша форум алаңында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін шайқас өтеді. Шайқастың жүлде қоры $18 000 құрайды.

   Egemen.kz

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через