Алматыда дауыл соғуы ықтимал

Алматыда дауыл соғуы ықтимал

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуі негізінде бүгін Алматыда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Ведомство тұрғындарды жел соққан кезде көпір, қойма, ағаштардан алшақ болуға шақырады.

«Адамға бұтақ, шифер бөліктері, жол белгісі құлауы мүмкін. Қирауы ықтимал ғимараттардан, қалқан, павильондардан, шамдардан алыстау тұрған дұрыс. Мүмкіндік болса жерасты өткелі, метро станциясы немесе берік ғимараттарда уақытша жасырынуға болады», - деп ескертті ТЖД-дан.

Айта кетейік, синоптиктер 7 сәуірде Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін деп болжам жасады.

Фото tengrinews.kz