Алматыда бірнеше жоғары оқу орнының студенттері онлайн оқуға көшірілді

Алматыда бірнеше жоғары оқу орнының студенттері онлайн оқуға көшірілді
фото: © Photo : ru.wikipedia.org/Mheidegger

Алматыдағы кейбір жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс студенттері онлайнға ауыстырылды. Студенттері онлайнға ауысқан оқу орындарының бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистеті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, студенттер онлайн режимге қауіпсіздік мақсатында көшті."Алматы, Астана және Шымкентте тұмау, ЖРВИ өршуіне байланысты кейбір топтар онлайн режимгекөшірілді.Бұл тікелей ата-аналар мен студенттердің өтініші.

 Арасында қызылша ауруын жұқтырғандар бар, бірақ көп емес. Ондай аурумен тіркелген студенті бар топтар толығымен онлайнға көшірілді", - дейді Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, онлайн оқыту режиміне бір ҚазҰУ ғана емес, басқа да оқу орындары ауысты. Олардың қатарында Сәтбаев атындағы техникалық университет пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті де бар.

"1 және 2-курс студенттерін оқытуға ауыстыру туралы шешім студенттер мен олардың 

ата-аналары тарапынан, оның ішінде әлеуметтік желілерде де, әсіресе жатақханаларда

 тұратын студенттер арасында жедел респираторлық жұқпалы аурулардың өсуі туралы өтініштердің көптігінен туындады. "Smart Health University" медициналық-диагностикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, соңғы аптаның өзінде науқастанғандар саны 1350-ге жеткен, жедел шақыртулар тәулігіне 30-35-ке дейін және жұқпалы аурулардың асқынуына күдікті науқастарды ауруханаға жатқызу көбейген", - дейді ҚазҰУ баспасөз қызметі.

Бакалавриаттың 1 және 2-курс студенттері, негізінен басқа қалалардан 

келген студенттер жатақханада тұрады, сондықтан олар жұқпалы ауруларды жұқтыратын ең осал топ, дейді университет мамандары."Университеттегі студенттердің талабымен маска режимін сақтай отырып, шағын топтарда зертханалық және практикалық сабақтарда аралас оқыту форматы болуы мүмкін. Ауруға шалдығу жағдайы университет басшылығының бақылауында. Жоғары курстардың сырқаттанған студенттерінің саны 30%-ке дейін ұлғайған жағдайда жеке топта факультет декандарының ұсынуы

бойынша қашықтықтан оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады", - деді ҚазҰУ баспасөз қызметі.  

ҚазАқпарат