Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұру шаралары қалай жүріп жатыр? Бұл сұраққа қалалық әкімдік жауап берді.
Ведомство таратқан мәліметке сенсек, айналым қарызы аясында «Магнум» және «Тоймарт» сауда желілеріне, «Алсад» жұмыртқа өндіру зауытына, «Асыл Ет» сиыр етін өндірушілерге жеңілдікті қарыз берілген.
Олардың сөрелерінде ӘМАТ-тың 19 түрлі тауарының 36,5 мың тоннасына баға белгіленген.
Қазіргі уақытта «Тоймарт» сауда желісімен қарыз шартын ұзарту пысықталып жатыр.
Бұдан бөлек, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін «форвардтық» сатып алу шеңберінде «Магнум» сауда желісінде 22 мың тонна көкөніс сатылып жатыр.
«Тоймарт» желісінде 30 сәуірге дейін 380 тонна картоп, сондай-ақ 300 тонна пияз белгіленген бағамен сатылады.
Қаланың 7 негізгі базарында («Көк базар», «Жаңа Ақбұлақ» көтерме сауда кешені, «Сары-Арқа», «Тастақ», «Таусамалы», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі) «әлеуметтік дүкендер» жұмыс істейді.
Онда ӘМАТ-тың 10 тауары (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, мүйіз, ұн) төмендетілген бағамен сатылады, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через