фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы (КҚКО) жұмыс істей бастады.
Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында жүзеге асты.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығын ашу - Президентіміздің Бизнес үшін үкімет құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам. Осыған дейін мұндай орталықтар Астана, Шымкент қалаларында ашылған болатын. Мұнда қаладағы мемлекеттік органдар мен банктердің өкілдері орналасқан. Кәсіпкерлерге мыңға жуық қызмет түрі көрсетіледі. Кәсіпкерлер барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша ала алады.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығында ХҚО маманы да қызмет көрсетіп отыр. Ол ашылғалы бері, 10 күн ішінде 1 мыңнан аса қызмет көрсетіп үлгерді. Азаматтар көбіне мемлекеттік қызметтерді онлайн алу бойынша кеңестер алуға жүгінуде. Сонымен қатар Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, Жауапкершілігі шектеулі серіктес ашу, бірінші несие бюросы анықтамаларын алу, электрондық сандық қолтаңба жасату сияқты азаматтарға бизнес жоспарларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетуде.Мұның бәрі кәсіпкерлерді ХҚО-ға барудан босатады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Сонымен қатар Орталықта сервистік қызметтер көрсету, халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету тәрізді барлық қызметтерді алуға көмектеседі дейді орталықты ұйымдастырушылар.
Кәсіпкерлерді қолдау көпфункционалды орталығы Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135 мекенжайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден -14.30-ға дейін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через