Алматы туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайында такси қызметін пайдалану тарифтерін есептеді.
Бұл жұмыс такси жүргізушілерінің шетелдік қонақтарға қатысты заңсыз әрекеттерінің көбеюін ескере отырып жүргізілді. Бөлім қызметкерлері екі апта ішінде жеке тасымалдау құнына талдау жасаған. Ол үшін түрлі құрылымның өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы құрылды. Еліміздегі ең ірі мегаполистің әуежай аумағында жұмыс істейтін бірнеше компанияның тарифі қарастырылды. Жұмыс нәтижесі бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы 1200 теңгеден бастап 12000 теңге аралығында бекітілді. Яғни, жолақысы жүру қашықтығы мен такси санатына байланысты болады.
Ғалия Тоқсейітова, қалалық туризм басқармасының басшысы:
- Айта кету керек, бұл тұрақты емес, жолаушыларға ұсынылатын баға. Сонымен қатар, сұраныс пен басқа да жағдайларды ескере отырып, такси қызметтері ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар өз таңдауын жасай алады. Туристерге арналған осы ұсыныстарды әзірлеудің мақсаты такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін реттеу болып табылады.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/
Алматыда әуежай таксилерінің бағасы белгіленді 12:22, 21.06.2023 0 Алматы туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайында такси қызметін пайдалану тарифтерін есептеді. Бұл жұмыс такси жүргізушілерінің шетелдік қонақтарға қатысты заңсыз әрекеттерінің көбеюін ескере отырып жүргізілді. Бөлім қызметкерлері екі апта ішінде жеке тасымалдау құнына талдау жасаған. Ол үшін түрлі құрылымның өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы құрылды. Еліміздегі ең ірі мегаполистің әуежай аумағында жұмыс істейтін бірнеше компанияның тарифі қарастырылды. Жұмыс нәтижесі бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы 1200 теңгеден бастап 12000 теңге аралығында бекітілді. Яғни, жолақысы жүру қашықтығы мен такси санатына байланысты болады. Ғалия Тоқсейітова, қалалық туризм басқармасының басшысы: - Айта кету керек, бұл тұрақты емес, жолаушыларға ұсынылатын баға. Сонымен қатар, сұраныс пен басқа да жағдайларды ескере отырып, такси қызметтері ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар өз таңдауын жасай алады. Туристерге арналған осы ұсыныстарды әзірлеудің мақсаты такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін реттеу болып табылады. #Алматы #әуежай #такси #Хабар 24 Сондай-ақ... Таразда еріктілер жануарларға қамқор болып жүр Өткен жылу маусымында 500-ден астам нысанда дайындық паспорты болмаған 21 маусым 2023 жыл - 09:00 жаңалықтар топтамасы Банктерде бизнестің депозиті төмендеді | Бағыт-бағам Қазақстандағы өмір сапасы | Анығында
Источник:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/606067-almatyda-uezhaj-taksilerini-ba-asy-belgilendi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через