Алматыда тозығы жеткен баспаналарды ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша бес жыл бұрын салынған тұрғын үй кешендерінің бірі қираудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы көпқабатты үйдің тұрғындары айтты.
"Жандосов" тұрғын үй кешені 2017 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Құрылыстың барлық кемшілігі күзде алғашқы жаңбыр жауғаннан кейін анықталған. Жобаға сәйкес, мердігер төрт қабат гидрооқшаулау жүргізуі керек еді, бірақ бұл жасалмаған. Салдарынан тұрғын үй кешенінің жертөлелері суға толып тұрады.
"Жаңбыр жауған кезде жертөлелерде 10-20 сантиметрдей су болады. Содан кейін "Хаус Мастерс" компаниясының қызметкерлері оны сорып, шығарады. Дәл осындай мәселе көлік тұрағына да қатысты", - дейді Меншік иелерінің қауымдастығы төрағасы Марат Исин.
Тұрғындардың айтуынша, ылғал – күшті бұзушы фактор. Ғимараттың беріктігі мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені саңырауқұлақтар мен көгерудің қаупі зор.
"Осы жолы лифт шахтасын су басып қалды, төрт күн бойы үлкен лифті пайдалана алмай отырмыз. Оны қоса алмайды, өйткені ток соғады", - дейді үй тұрғыны Любовь Вакулина.
Тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорнына жүгінген. Дәл солар жобаның тапсырысшысы болып, содан кейін тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдаған. Құрылыстағы кемшіліктерге көз жеткізген мемлекеттік орган құрылыс салушының үстінен сотқа шағым түсірген.
"Тапсырыс беруші ретінде бас мердігерге - "Пласт" және "Алматы Гипрогор" ЖШС бас жобалаушысына қарсы талаптар қойылды, содан кейін келісімшартқа сәйкес шығындарға қатысты барлық міндеттемені өзімізге алу үшін сотқа жүгіндік. Бірақ сот шешімі бойынша, жеңілдік", - деді Алматы қаласы әкімдігінің КҚК бас инженері Бауыржан Төлеғұлов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через