Мекеменің бас директоры Қуаныш Бисенбинов пен бас инженері және күрделі құрылыс басқармасының басшысы пара алғаны үшін әрқайсысы жарты миллиард теңгеден астам айыппұл арқалады.
Ауызбастырық берген «Спецкоммунстрой» Серіктестігінің директорына да 400 миллион теңге айыппұл салынған. Егер қаражат сот белгілеген уақытта төленбесе, айыппұл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.
Тергеу мәліметінше, қаланы жылумен қамтуға жауапты мекемеге мердігер компания 16 миллион теңге берген.
Бұл қаражатқа коммуналдық мекеме жеке компанияның шала жасаған жұмысына көз жұмып, қаладағы жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойып отырған.
Айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн тенге. Бұл қаржы 350 орындық мектеп пен балабақша құрылысы бюджетімен пара-пар.
Аталған ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Сол келісімшарттың аясында мердігер компания, яғни «Спецкоммунстрой» белгілі бір жұмыс атқаруға міндетті болған. Сол жұмысты атқаруда келісімшартпен белгілі бір мерзім болады. Сол мерзімі өткені үшін, айыппұл төлемес үшін, аталған қаражат берілген болатын. Нұрбол Құрманбай, Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі
Дереккөз ktk.kz. Фото kaznovosti.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через