Алматы ХҚО-лары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды

Алматы  ХҚО-лары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды

        Енді Алматы қаласының тұрғындары, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік органдарға өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бэк-офис кеңсесіне жүгіну міндетті емес.

       

        «Процесті неғұрлым ыңғайлы ету үшін заңды және жеке тұлғалардан өтініштер Халыққа қызмет көрсету жөніндегі аудандық бөлімдерде қабылданатын болады. Бұрын өтініш беру үшін өтініш берушілер филиалдың БЭК-офистеріне мына мекенжайлар бойынша жүгінген: Абай даңғылы 111, Төле би көшесі 155, Жандосов көшесі, 51, бірақ қазір мұны халыққа қызмет көрсету жөніндегі аудандық бөлімдерде жасай алады, филиалдың кеңсесіне бұрынғыдай жүгінудің қажеті жоқ», - дейді  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

       Осыған дейін өтініштерді қабылдаған филиалдың бэк-офис кеңсесінің орнын Алмалы ауданы (Бөгенбай батыр көшесі, 221), Әуезов ауданы  (Жандосов көшесі, 51А) және Бостандық ауданы (Алмагүл ш/а.,  Қожанов көшесі, 9 А үй)  бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі кеңселер ауыстыратын болады.

       Сондай-ақ, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған "Е-өтініштер" («Е-Өтініш»)ақпараттық жүйесі әзірленді.

      

       "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының барлық 8 аудандағы  ХҚО бөлімдерінде де жүзеге асырылады. Азаматтар өзіне қолайлы жердегі ХҚО-ға жүгініп, көмек сұрай алады, өтініштерін қалдыра алады.

       Алматы қаласы бойынша ХҚО  мекенжайлары:

р\с

 

Бөлім атауы

 

Орналасқан жері

 
 

 

1

3

5

 

 

1

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ., Әйгерім ш/а.

 В.Бенберин көшесі, 89

 

 

 

 

 

 

 

2

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Алматы қаласы бойынша филиалының Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ.,

Шұғыла ш/а. 347/1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ., Марков к-сі, 44-үй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Алмалы аудандық Халыққа қызме көрсету бөлімі

 

Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 221 үй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Әуезов аудандықХалыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ., Жандосов к-сі, 51-үй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Бостандық аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

 Алматы қ., Алмагүл ш/а. Қожанов

көшесі,

 9 Аүй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

"Азаматтарғ аарналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Жетісу аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ.

Құлагер ш/а. Серіков

көшесі 6А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының Түрксіб аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Алматы қ., Рихард Зорге к-сі, 9-үй