Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 миллионға жетуі керек.
2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 млн, 2040 жылға қарай – 3 млн, 2050 жылға қарай – 3,6 млн адамға жетеді. Бұл туралы мегаполистің бас жоспарын әзірлеуші Тамара Залогина айтты.
Тамара Залогинаның айтуынша, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2040 жылға дейін 45,6 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу қажет. Болжам бойынша, бұл уақытта қаланың оңтүстік-батыс жоспарлау аймағында – 1,3 млн адам (44,6%), орталық жоспарлау аймағында – 0,5 млн адам (18,1%) және шығыс жоспарлау аймағында 0,45 млн адам (15,2%) тұратын болады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через