Алматы тауларында қураған ағаш өртенді

Алматы тауларында қураған ағаш өртенді
       Алматы – Үлкен Алматы өзені тасжолынан алты шақырым жерде орналасқан Алма-Арасан шатқалында 500 шаршы метр аумақтағы қураған ағаш өртенді, деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.
 
       "Таулы аймақта қураған ағаш пен бір шырша өртенгені анықталды. Аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Бірлескен іс-қимылдардың арқасында өрт ертерек сағат 18.16-да жойылды", - деп хабарлады ТЖД.
       Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метрді құрады. Дрон камерасындағы тепловизордың көмегімен өрт сөндірушілер өрттің жасырын ошақтарының бар-жоғына әуеден визуалды тексеру жүргізді.
Өртпен күреске Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, Іле Алатауы табиғи саябағынан барлығы 75 адам, 18 техника жұмылдырылды.
 
       Sputnik.kz
Архивтегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023