Енді онлайн-режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері туралы ақпарат алуға болады.
Алматыда құрылыс жұмыстары цифрландырылып, барлық деректер бір интерактивті картаға көшіріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді.
Алматының бас сәулетшісі атап өткендей, қаланың геопортал базасында нысандар құрылысы мониторингінің интерактивті картасы жасалды. Бұл ресурс салынып жатқан нысандар мен салынатындар туралы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
"Енді онлайн-режимде көппәтерлі тұрғын үй кешендері мен жеке тұрғын үй құрылысының жобалары туралы ақпарат алуға болады. Ақпарат онлайн режимінде жаңартылады", - деді Алмасхан Ахмеджанов.
Бұдан басқа, осы порталда барлық қажетті ақпарат бар: құрылыс паспорты, жобаның атауы, құрылыс салушы, кадастрлық нөмірі, эскиздік жобаның келісімі туралы мәліметтер, берілген СЖТ бойынша мәліметтер, құрылыстың басталу мерзімі, пайдалануға беру мерзімі, авторлық/техникалық қадағалау, құрылыс алаңы, қабаттылық, пәтерлер саны.
Карта Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының сайтында орналасқан.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через