Алматы мектептерінде жылыжай өсіру ісі қолға алынбақ

Алматы мектептерінде жылыжай өсіру ісі қолға алынбақ

Алматы мектептерінде жылыжайлары болады.  Алғашқысы  қаладағы №177 мектепке орнатылды. Шаһарда жалпы 16 жылыжай ашылады. Бұл іс-шара «Жасыл мектеп» жобасы аясында іске асады. Оқушыларға арналған осындай 40 жылыжай Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы мектептерде де салынады. Жобаны еліміздің меценаттары қаржыландырған. Жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сынып оқушылары биология сабағы бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Балалар көкөніс пен жеміс-жидек өсіреді. Жылыжайлардың барлығы тамшылатып суару, жылыту және жарықтандырудың заманауи жүйесімен жабдықталады. Жоба авторлары балаларды осылай ерте жастан экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға баулуды көздейді.