Алматыдағы мектеп оқушыларының бәрі соңғы қоңырауға қатыса алмайды. Тек үш сыныптың оқушыларына ғана салтанатты іс-шара өткізілмек.
Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева соңғы қоңырау 1 маусымда өтетінін хабарлады. Бірақ оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін өткізілмек. Өзге сынып оқушылары соңғы сабақ күнін сынып сағатымен аяқтайды.
"Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу", - деді Жанат Айтпаева.
Сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді. Сынып сағатында оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеу ұсынылады.
Айта кетейік, биыл Алматыда 14 мыңнан астам түлек мектепті бітіреді.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через