Алматы іргесіндегі ауыл қоқыс полигонына айналған
Алматы облысының Іле ауданындағы Казцик ауылына қарасты "Дружба" саяжайы қоқыс палигонына айналған.
"Дружба" саяжайы маңындағы 6 гектар жер телімі "Мұрагер" ЖШС-ға тиесілі. Аталған мекеме терең шұңқырды топырақпен тегістеу керек болған. Алайда топырақ емес, қоқыспен толтырған. Салдарынан ауыл маңы қоқыс палигонына айналған.
"Сасық иіс қолқаны қабады. Дәл іргесінде бала-шаға ойнайды. Қаншама уақыттан бері төгіп келген, қоқыс тасыған көліктерді жаздан бері кіргізбей қойдық", -дейді "Дружба" саяжайының түрғыны Нұрлан Алдасүгіров.
Аталған мәселе бойынша "Мұрагер" ЖШС-не 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынған. 15 қыркүйек күні қоқыс маңында өрт шықты. Өртенген қоқыс иісі жарты Алматыны алып кетті. Қалалық төтенше жағдай саласы да "Мұрагер" серіктестігіне айыппұл салған.