Алматыда ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан қалада үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құру керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында айтты.
Халықарылық форумға саяси көшбасшылар ғана емес, ірі IT-компаниялардың бас директорлары және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық IT-қоғамдастығының өкілдері қатысып жатыр.
«Биылғы форум – «Жаңа болмыстағы цифрлық серіктестік» атауымен өткізіліп отыр. Біз Алматыда осымен бесінші рет цифрлық саладағы жаңашылдықтарды талқылап, үздік жетістіктер туралы айтатын боламыз. Алматы – еліміздің IT индустрияның астанасы. Еліміздегі IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан біз қаланың әлеуетін үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз»,-деді Бағдат Мусин.
«Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі ретінде цифрлық трансформациялар фарватерінде сенімді түрде алға жылжуда. Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.Өткен жылдың шілдесінде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі жөнінде Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді»,- деді Ерболат Досаев.
Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейтін болады. Digital Almaty-ге әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысып жатыр.
Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылауда.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото:inform.kz, ru.sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через