фото: pixabay.com
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы басталды. Жұмысшылар аула мен арық-атыздарды тазалап, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін бояп, ретке келтіріп жатыр.
Сондай-ақ, ағаштардың қураған бұталарын қырқып, түбін қопсытуға кірісті. Қаланы жаппай тазалау жұмыстарына 8 ауданда 364 арнайы техника, 800-ден аста жұмысшы жұмылдырылған. Науқан қаланы абаттандыру жұмыстары аяқталғанша, бір айға жалғаспақ, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді.
Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді.
«Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі.
«Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген.
Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через