Алматы базарындағы алапат өрт сөндірілді

Алматы базарындағы алапат өрт сөндірілді

 Алматыдағы «барахолка» базарынан шыққан өрт сөндірілді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.

Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды.

«Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.