Осы тақырыпты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Алматының автомектеп өкілдерімен бірге талқылады.
Басқосуға"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекова, Басқарма басшысы Айнұр Ұйқаспаева, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің басшысы Шынарай Әлімхан, бас маманы Мақсат Жаңбыршиев,«Амур avto» автомектебінің өкілі Ержан Баймаханов, «Кәусар» автомектебінің өкілі Шахмұрат Ушуров, «Кусаинов» автмектебінің өкілі Қуаныш Құсаинов, «Хан тәңірі» автомектептер қауымдастығының өкіліГүлнара Ақшолақова, «СДС» ЖШС өкілі Мая Мамедова, «Автошкола Алматы» ЖШС өкілі Мостовой Леонид, «Бек-авто» автомектебінің өкілдері Бекзат Сүлейманов, Айдос Жексенбек, «Zarul-avto» автомектебінің өкілі Әлімқұл Жомарт, №1 және №6 автоХҚО басшысының орынбасарлары Мұрат Бисембаев, Жанна Ахметовалар қатысты.
Басқосуда, тиісті тараптар өкілдері Алматы автоХҚО-ларында көктем айларынан бастап көбейетін курсанттар кезегін қайтсек азайтамыз деген мәселеге байланысты пікір, ұсыныстарын ортаға салды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің басшысы Шынарай Әлімхан:«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда көрініс тауып жатқан автоХҚО-лардағы иін тірескен кезектер, қызмет көрсетуші мекеме үшін қоғамда келеңсіз көзқарас қалыптастырып жатады. Сондықтан, мұның бәрінің себебі мен салдарын біліп, оны шешу жолын бірлесе отырып қарастыру үшін бас қосып отырмыз. Жиын мақсаты - екі тараптың да ұсыныс-пікірлерін тыңдай отырып, қоғамдық резонансты төмендету, автоХҚОлардағы кезектерді болдырмау. Өз құзіретіміз шегінде шешілмейтін мәселелерді тиісті орындарға жеткізу», - деді өз сөзінде.
Алматы автоХҚО-ларында соңғы жылдары кезектің көбею себебінің бірі – үлкен мегаполис пен айналасында автодромы бар автоХҚО-лардың аз болуы.
Бүгінде Алматы қаласы мен қалаға жақын маңдағы ондаған автомектептің әрқайсысы орташа есеппен айына 300-350 курсантты дайындап, емтиханға жолдайтын көрінеді. Оның бәрін екі автодромда қабылдау, айларға созылатын кезекті тудыратыны сөзсіз. Не істемек керек? Кезекті болдырмаудың қандай жолдары бар?
«Алматы қаласында 4 автоХҚО бар, оның екеуінде автодром жұмыс істеп тұр. Алматы мамандандырылған ХҚО-ның автодромдарында жүргізу бойынша емтиханның практикалық бөлігін тапсыру кезінде адами факторды толығымен болдырмайтын заманауи электрондық бақылау жүйесі қолданылады. Ол арнайы техникалық құралдар мен құрылыстар кешенін қамтиды және А, В, С, D санаттарындағы жүргізушілердің көлікті басқару дағдысын бағалау үшін пайдаланылады.Қазіргі кездегі практикалық емтихан тапсырушыларды кестемен жазу арқылы автоХҚО-лардағы кезекті реттеп отырмыз. Сонымен қатар,№1 мамандандырылған ХҚО автодромына тағы да 2 автоматтандырылған жаңа автокөлікті іске қосқалы отырмыз»,- дейді Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекова.
Өз кезегінде Алматы қаласы мен облысының автомектептерінің өкілдері де өз ұсыныс, пікірлерін білдірді.
Мәселен, «Алматы автомектептері» ЖШС басшысы Леонид Мостовой өз автодромын ұсынуға дайын екенін айтса, «СДС» ЖШС өкілі Мая Мамедова автомектептерде болашақ жүргізушілерді дайындау әркелкілігі мен сапасына тоқталды және емтихан тапсыру кезіндегі талаптарды өзгертуді ұсынды. «Бек-авто» автомектебінің өкілі Бекзат Сүлейманов автомектеп көліктеріне автоХҚО-ның автоматтандырылған құрылғыларын орналастырып, емтихан алуды жүзеге асыруға рұқсат етсе қалай болады десе, «Кәусар» автомектебінің өкілі Шахмұрат Ушуров емтихан тапсыратын көліктердіжеке иеліктегі автопарктерге берсе деген пікірін айтты. Ондай кезде көліктер үздіксіз, кезекпен ауысып шығып қызмет көрсетуге дайын тұрады деп санайды. Дегенмен, жиынға қатысушылардың бәрі Алматы қаласы сынды үлкен мегаполиске екі автодромның аздық ететінін, тағы да автодром ашу қажеттігі туындап отырғанынбаса айтты.
Ал,олардың «көліктер аздық еткен жағдайда емтихандарды комиссиямен алу керек» деген пікрілеріне, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілі Мақсат Жаңбыршиев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында адам факторынсыз, барлық қызметтерді автоматтандыруды қолға алып жатқанда, комиссиямен қабылдауға ұмтылу орынсыз» деген көзқарасын білдірді.
Жиынды ұйымдастырушылар тарапынан автомектеп өкілдеріне «автоХҚО-ның автодромында қабылдау ауқымына сай, емтиханға жіберілетін курсанттер санына шектеу қою жолымен кезектерді қысқартуға ықпал етсе қалай болады» деген ұсыныстар да болды.
Жалпы, жиын қорытындысы бойынша тараптар құзіретіндегі барлық мүмкіндіктер қолға алынып, шілде айына дейін бақылауда болатыны айтылды. Тиісті ұсыныстар мен пікірдер екшеленіп, шешілуі үшін тиісті орындарға жолданатын болды. Келесі отырысқа тиісті мемлекеттік органдардың, Ішкі істер органдарының және қаладағы барлық автомектептердің өкілдері шақырылады деп уағдаласты.
Естеріңізге салсақ, Алматыдағы автодромы бар №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Алатау ауданы, «Саялы» шағын ауданындағы Аққайнар көшесі 1-үй және №6 мамандандырылған ХҚКО Жетісу ауданы, «Кемел» шағын ауданындағы Ақсуат көшесі 118-үйде орналасқан.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
Алматы қаласы филиалы. Тел.: 87073240176
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через