Алматы әкімдігі ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Алматы әкімдігінің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты дымқыл қарға ұласады деген болжам бар.

Түнде ауа температурасы -1 -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.

«Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыруды ұсынамыз. Жолда көктайғақ әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, бүйір аралықты сақтауы, кенеттен маневр жасаудан, тежегішті кілт басудан аулақ болғаны жөн»,- делінген хабарламада.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: nur.kz.