All Inclusive жүйесіндегі қонақүйлер ұсынатын ішімдіктің қаупі бар

All Inclusive жүйесіндегі қонақүйлер ұсынатын ішімдіктің қаупі бар
фото: bangkokbook.ru

All Inclusive жүйесіндегі қонақүйлерде демалушыларға алкогольді ішімдікті шектеусіз береді. Алайда ішімдік ішетіндер бұған қуанбай-ақ қойғаны абзал, өйткені оның қаупі өте зор болуы мүмкін. 

Түркия курорттарында жыл сайын жасанды ішімдіктер жасайтын жасырын цехтар мен қоймалар анықталып жатады. Оларды қонақүйлерге арзан бағада жеткізеді. Ал оның сапасына ешкім жауап бермейді, сондықтан ондай ішімдіктен улану қаупі жоғары. Полиция мұндаймен күресіп жатқанымен, сұраныс барда оны толық жою мүмкін болмай тұр екен.

Құрамы белгісіз

Мысырда инфекция сумен қатты тарайтын көрінеді. Суды тазалайтын құрылғылар оншалықты жақсы жұмыс істемейді. Мәселен сіздің коктейлге де краннан аққан суды қоса салуы ғажап емес. Одан бөлек көшедегі су автоматтарын да қолданбаған абзал.

Сапасыз сусындар

Сіз коктейль емес, таза алкоголь сұрасаңыз да - бұл оның сапалы екеніне кепіл емес. Ішімдікке қонақүйдің өзінде өзге сусын қосып, мөлшерін көбейтіп алуы ықтимал немесе бірден нашар ішімдік жеткізілуі мүмкін.

Осы себептерден демалысыңызда басыңыз ауырып, жүрегіңіз қағып, жүрек айнып, ішіңіз өтуі ықтимал. Ал бұл сапасыз ішімдіктің жеңіл салдары ғана...

Дерерккөз tengritravel.kz