Тамақтану

Бөлісу

Әлихан Смайылов пияз бағасының заңсыз өсуімен күресуді тапсырды

  Әлихан Смайылов пияз бағасының заңсыз өсуімен күресуді тапсырды

       Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес барысында пияз бағасының өсуін ұстап тұруды тапсырды. 

       Үкімет басшысы азаматтарды толғандыратын тағы бір мәселе пияз бағасының өсуі екенін атап өтті. Мәселен, соңғы айда баға орта есеппен 11,9%-ға өсті. Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген.

       "Әріптестер, қантпен болған жағдайдың объективті сыртқы себептері болса, пияз бойынша жағдай – жүргізілген жұмыстың шалалығының нәтижесі. Әкімдіктердің барлық мүмкіндіктері болды, олардың қатарында астықты жеткізу бойынша уақытылы келісім-шарттар жасасу тетігі бар. Өңірлер әкімдеріне оны тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін белсенді түрде пайдалануды тапсырамын. Осы мәселеде әр жұмысты уақытылы орындау маңызды екенін атап өткім келеді", — деді Әлихан Смайылов.

       Ол азық-түлік бағасын ұстап тұру мәселесі бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.

       Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 680 мың тоннадан астам негізгі азық-түлік өнімдері, оның ішінде сиыр еті, құс еті, ұн, картоп, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы мен сүт бар. Ішкі нарықты бидай, қант, тұздың қажетті көлемімен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

       Stan.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через