фото: qazaqtimes.com
Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 –1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым ретінде өз кезінде де белгілі болды.
Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетін ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді. Газет беттеріне оның мақалалары қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырағандықтан, ол мақалаларына «Қыр баласы», «Ғали хан», «Қырғыз-қайсақ» т.б. лақап аттар қойып отырды. Ол өз мақалаларында қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, тарих пен мәдениет, әлеуметтік жағдай, саясат пен халық ағарту ісі мәселелерін көтерді.
Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.
Қазақ халқына елеулі еңбек сіңірген Әлиханды бүгінгі жастар біле ме екен? Арнайы жүргізілген сауалнаманы тыңдап көріңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через