Алғашқы жолаушылар ұшағы қашан пайда болды?

фото: https://massaget.kz

Алғашқы жолаушылар ұшағы қашан пайда болды?

102 жыл бұрын Германияда әлемдегі алғашқы жолаушылар әуе компаниясы іске қосылды. Жолаушыларды таситын әуе көлігі нарығы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін дами бастады. Бастапқыда уақыт жоғалтпай  әскери ұшақтарды пайдалану туралы шешім қабылданды.

Жолаушылар авиакомпанияларын ашу идеясына дейін адамдар пойыз бен кеменің қызметін пайдаланды. Бірақ бұл транспорт түрлері діттеген жеріңе жету үшін ұзақ уақыт алатын. 5-tv жазған қазіргі таңда танымал болып саналатын алғашқы жолаушы авиакомпанияларының қалай пайда болғаны туралы мәліметтерді ұсынамыз.

Алғашқы жолаушы авиакомпанияларының пайда болуы

Бортында жолаушы бар алғашқы коммерциялық рейс 1914 жылы Флоридада (АҚШ) жасалғанымен, Германия тұрақты жолаушы әуе көлігінің ресми негізін қалаушы саналады.

Бортында жолаушы бар алғашқы коммерциялық рейс 1914 жылы Флоридада (АҚШ) жүзеге асырылды. Benoist XIV бипланды ұшатын қайық Сент-Питерсбергтен көтеріліп, 23 минуттан кейін Тампаға қонды. Ұшақ бортында Сент-Питерсбергтің мэрі Абрам Фил болды. Ол рейс үшін 400 доллар төледі (қазіргі ақшамен есептегенде, шамамен 10 мың доллар).

Берлиннен Веймарға алғашқы рейс 1919 жылы 5 ақпанда орындалды. Бұл рейстер қазіргі адамдар үйреніп кеткендей қалыпты болмады. Бұрынғы әскери шабуылшы AEG J ұшағының кабинасы ашық болды және жолаушылар кабинаға отырар алдында қалың киім, шлем, көзілдірік және етік киюі керек еді. Бұрын лайнерлер 4,5 мың метр биіктікте ұшса, қазір бұл биіктік он мыңнан асты. 1919 жылдың сәуірінде Берлиннен Балтық теңізіндегі Варнемюнде курорттық қаласына екінші жолаушы тасымалы жолы пайда болды.

Басқа Еуропа елдері де Германиядан қалыспады. Сол жылы Парижден Брюссельге алғашқы халықаралық жолаушылар әуе компаниясын Lignes Aeriennes Farman-ды іске қосты. Farman F-60 Goliath биплан ұшағы пайдалануға берілді. Онда 12 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. Ұшу 2 сағат 50 минутқа созылды, қазір мұндай қашықтықты 55 минутта ұшасыз.

1920 жылдардың басына қарай халық арасында қалыптасқан еуропалық жолаушылар  желісіне сұраныс артты. Жолаушылар межелі жерлеріне жету үшін кемелерде апталап отыруға тура келеді, ал ұшақтарда түнгі аялдамалармен бірнеше күнде жететін еді. Мысалы, бортында бар және жеті түрлі түскі ас кіретін лайнер Лондоннан Үндістанға алты күн, Аустралияға он күн ұшатын. Бұл ұзақ қашықтыққа ұшу билеттерінің құны қазіргі заманғы доллармен  21 мыңды құрады.

ХХ ғасырдың басында әуе компаниялары мемлекеттік субсидияларды қажет етті, әйтпесе жолаушылар тасымалының дамуы баяулайтын. Лондон-Париж авиакомпаниясын қамтамасыз ету үшін британдық Imperial Airways әуе компаниясы 12 адамға дейін сиятын Handley Page W8B қос қозғалтқышты ұшағын сатып алды.

Мұндай ұшақтар 1922 жылдан 1932 жылға дейін тұрақты рейстерді орындады.

1919 жылы 13 қазанда Франция астанасында әуе қозғалысын реттеу туралы Париж конвенциясына қол қойылды. Ол кезде мұндай мәселелермен БҰҰ-ның ізашары Ұлттар Лигасы айналысты.

Ұшақтар мұхиттың арғы бетіне қашан ұша бастады?

1913 жылы Daily Mail газеті Атлант мұхитын 72 сағатта ұшақпен кесіп өткен адамға он мың фунт стерлинг жүлдесі үшін байқау жариялап, оқырмандарын таң қалдырды. Еріктілер табылмады, бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң жарыс тоқтатылды. 1918 жылы тынымсыз журналистер жарысты жандандыру идеясына қайта оралды. Тәжірибелі екі ұшқыш Джон Алкок пен Артур Браун бұл қауіпті сапарға еріктілік ретінде кірісті. 1919 жылы 14 маусымда ұшқыштар Сент-Джоннан (Канада) Ирландияның Клиффден қаласына ұшты. Ұшу 16 сағат 28 минутқа созылды. Осылайша екі ержүрек ұшқыш трансатлантикалық әуе жолыны қалыптасуына  септігін тигізді.

1927 жылы авиатор Чарльз Линдберг Нью-Йорктен Парижге бір қозғалтқышты ұшақпен жеке рейс жасады. Ұшудың алдында америкалық баспасөз Линдебергті "ұшатын ақымақ" деп атады, бірақ ол 21 мамырда Франция астанасына сәтті қонған кезде бұл сөзін қайтарып алды. Оның арқасында авиация магнаттары трансатлантикалық  ресті дамытуға болатынын түсінді.

1930 жылдары ең танымал ұшақ Ford Trimotor немесе металл корпусы бар "қаңылтыр қаз" құрастырылды. Содан кейін ұшақтар біз көріп жүргендей жабдықтала бастады. Жолаушылар бридж ойнауға мүмкіндік алды. 1930 жылы Boeing Air Travel ұшағының бортында алғашқы стюардесса Эллен Черч қызмет көрсетті. Ол басшылықты бортта экипаж мүшесінің болуы қажет екеніне сендірді. Жаңа қызметке медбикелер қабылданды.

1936 жылы американдық Дуглас DC-3 ұшағы көкке көтерілді, ол 30 жолаушыны тасымалдай алатын.

Патшалар сияқты ұшу: жолаушылар авиациясының алтын ғасыры

Жолаушылар авиациясының гүлденген кезеңі өткен ғасырдың 50-60 жылдарына сәйкес келді. Сол кездегі ұшақтардың сыртқы түрі мен қызметі туралы аңыздар бар. Жолаушыларға берілетін тағамдар тек фарфордан жасалған ыдыстарда ғана берілді. Орындықтардың ені 45 сантиметр болды, сондықтан оларды жатар төсекке оңай айналдыруға болатын еді. Енді бұл люкс жетекші авиакомпаниялардың бірінші класында ғана бар.

Темекі шегуге де рұқсат етілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери авиацияның қарқынды дамуының арқасында алғашқы бизнес-джеттер де пайда болды.

Ол күндері әуе компанияларының негізгі тұтынушылары бай адамдар, саясаткерлер мен танымал адамдар еді. Ұшақтарда, әсіресе трансатлантикалық рейстерде ұшу тығырықтан шығудың жолы ретінде қарастырылды. Нью-Йорктен Лондонға рейстің құны 500-ден 675 долларға дейін (қазіргі ақшамен есептегенде, 4600 - 6200 доллар - шамамен).

Стюардессалар бөлек форма кие бастады. 60-жылдары стюардессалар қысқа және ашық көйлектер мен қалпақ киген. Барлығы Джеки Кеннеди стилін ұстанды.

70-ші жылдардың ортасында стюардессаның бос орнына кастинг жариялау алып тасталды.

70-ші жылдары авиакомпания иелері өздерінің авиакомпаниялары тек байларға ғана емес, барлығына қолжетімді болуы керек екенін түсінді. Pan American Airlines компаниясының басшысы Boeing компаниясына 707 моделінен үлкенірек ұшақ жасау міндетін қойды. Сонымен 1969 жылы әйгілі Boeing 747 құрастырылды.

Жаңа үлгідегі жолаушылар ұшағы пайдалануға берілуіне байланысты билет бағасы арзандады. Мысалы, Нью-Йорктен Лондонға 550 долларға түсті. Баға мейрамхана деңгейіндегі тағамдарды және алкогольдің шексіз мөлшерін қамтыды. Билетті әуежайда сатып алуға болатын, төлқұжат тексерілмеді, және ұшуға 20 минут қалғанда ұшаққа отыруға болатын еді.

1978 жылы АҚШ-тың азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін билеттер бағасы тағы екі есеге арзандады. Сол жылдары әлемде арзан авиакомпаниялар пайда болды. Жолаушылар 1971 жылы негізі қаланған Southwest Airlines әлемдегі ең арзан әуе компаниясының тұжырымдамасын ұсынған Херб Келлерге "рахмет" айтуы керек. Ол ұшақтардан барлық тегін қызметтерді алып тастауды, жолаушыларға арналған орынды азайтуды және реактивті тұрақ құнын төмендету үшін қосымша әуежайларға ұшуды ұсынған.

Сол кездегі азаматтық авиация мен бүгінгі күнді салыстыратын болсақ, қызметтің деградациясын байқауға болады. Бағалар өсіп, жолаушылар ұшақ бортында өзін нашар сезінеді. Әрине, "алтын ғасырға" жақын қызмет көрсету мен жайлылықты ұсынатын авиакомпаниялар бар, бірақ өзіңіз білетіндей, мұндай "рахат" үшін төлеуге тура келеді.

https://massaget.kz

Мәтіндегі ақпарат туралы