фото: https://syrboyi.kz/
Әлемді қымбатшылық қысып тұр
Аргентинада халық бас көтерді. Бұл елде наурыздағы инфляция деңгейі 6 жарым проценттен асты.
Әлемдегі күрделі ахуалдың салдарынан инфляция деңгейі көтеріліп кетті.
Украинадағы қарулы қақтығыс, Ресейге салынып жатқан санкциялар жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.
АҚШ-тағы жылдық инфляция соңғы 40 жылда алғаш рет 8 проценттен асты. Экономистер бұған мұнай шикізаты мен басқа тауарлардың қымбаттауы себеп дейді.
Сондай-ақ Financial Times-тың хабарлауынша, инфляцияға Украинадағы соғыс та кері әсер етті. Негізі кері кету үрдісі пандемия кезінде басталған. Кононавирустың кесірінен фабрикалар жабылып, тауар жеткізу ісі бұзылды.
"Дәл қазір бізде азық-түлік және жанармай дағдарысы қатты ушығып тұр. Тауар жеткізу ісінде пайда болған кедергілерді реттеуге әлі біраз уақыт керек болады. АҚШ-тың Федералды қор жүйесіне жыл бойы пайыздық мөлшерлемені көтеру керек. Тек сонда ғана бейтарап деңгейге жетуге болады деп сенемін", - дейді қаржы сарапшысы Грег Макбрайд.
Америкалықтар қымбатшылық сезіліп жатқанын айтады. Осыған байланысты президент Джо Байденді қолдау рейтингісі төмендеп барады. Оның Франциядағы әріптесінің де бәсі төмендей бастады.
Президент сайлауының екінші кезеңіне жолдама алған Эммануэль Макрон үшін осы инфляция нағыз сынақ болғалы тұр. Бұған дейін Париж газ және энергетика саласына көмекқаржы бөлу арқылы бағаларды ұстап тұрған еді. Десе де соңғы 12 айда инфляция деңгейі 5,1 процентті құрады. Мұндай көрсеткішті экономистердің өзі күткен жоқ.
Аргентинада халық бас көтерді. Бұл елде наурыздағы инфляция деңгейі 6 жарым проценттен асты. Қымбатшылыққа наразы мыңдаған адам Буэнос-Айрестің басты көшесіне шеруге шықты. Олар жәрдемақыны өсіруді және жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етті:
"Билік пандемия кезінде 3 жарым миллионнан астам тұрғын жұмыссыз қалғанын мәлімдеді. Қазір инфляция деңгейі 6 процентен асты. Азық-түлік бағасы удай, бірақ жалақының өсетін түрі жоқ. Қалай күн көреміз?".
"Ақша су сияқты болып қалды, түк құны жоқ. Отбасымды қалай асырарымды білмеймін. Жұмыс мүлде жоқ".
Ресейдегі жылдық инфляция 17 жарым проценттен асып түсті. Бұл осы елдің Экономикалық даму министрлігінің мәліметі. Сондай-ақ Рейтерс агенттігі бұл 2002 жылдың ақпанынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш екенін хабарлады. Көкөніс, қант, киім-кешек, смартфон - бәрі қымбаттап жатыр. Сәуірдің 2-сі мен 8-і аралығында маргарин, шай, шоколад кәмпиттері, печенье, макарон, еттің бағасы тағы көтерілді. Ресей банкі ақпанның аяғында мөлшерлемені 2 есе - 20 процентке дейін арттырып, 8 сәуірде ғана 17 процентке төмендетті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через