Әлемдегі ең биік мұнара Бурдж-Халифа ғимаратының сыртында Қазақстан Туы бейнеленді.
«Бүгін кешке Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз», - делінген Бурдж-Халифа ғимаратының Instagram-парақшасында.
«Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.
25 қазан күні Қазақстан халқы Республика күнін атап өтті. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды биыл жазда Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. 25 қыркүйекте Президент тиісті заңға қол қойды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: ru.sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через