Францияда туризм қайта жанданды. Былтыр саяхашылар ел бюджетіне 58 милилард еуро табыс әкелген.
Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Демек сала коронавирустан кейін қалпына келіп қоймай, рекордтық табысқа кенелген. Әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты мұнда келген ресейлік демалушылар саны айтарлықтай азайған. Қытайлықтар да көп емес. Оған коронавирусқа қатысты шектеулер себеп. Бірақ соған қарамастан, сектор былтырғы жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылады. Мұнда демалуға барғандардың дені - жақын орналасқан Бельгия, Германия мен Ұлыбритания азаматтары. Америкалықтар арасында да қызығушылық танытқандар көп болды. Туризм Франция экономикасының маңызды секторларының бірі. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10 процентке тең.
Қытайда ковидтік шектеулер алынып тасталғасын 3 жылдан кейін билік өз азаматтарына топ болып шетелге саяхаттауға рұқсат берді. Пандемияға дейін қытайлықтар ең көп ақша жұмсайтын туристер санатында болған. Мәселен 2019 жылы олар шетелде 255 миллиард доллар жаратқан. Жергілікті операторлардың мәліметіне сүйенсек, қазір көрші елдің демалушылары Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерін таңдайды екен. Соның ішінде ең танымал бағыт - Таиланд. Негізі елде ішкі туризм де жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Әсіресе Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі кезінде ел ішінде саяхаттағандар көп болды.
БЛИЦ
1. Бүгін 30-ға жуық туристік топты қабылдадық. Негізі қазір біздің шипажайға күніне 2 мыңнан аса демалушы келеді.
2. Жаңа жыл кезінде қонақ үйде бос орындар қалмайтын. Қазіргі көрсеткіштер де жаман емес. Мейманханадағы бөлмелердің 70-80 проценті толық. Ауа райы жақсы болса, қонақтар да тиісінше көп болады.
Саяхатшылар арасындағы танымал бағыттың бірі Египетте былтыр 13 миллион шетелдік демалып, пандемияға дейінгі рекордтық көрсеткішке жеткен. Билік секторды одан әрі дамытып, алдағы 5 жыл ішінде 30 миллион туристі тартуға ниетті. Бұл ретте Гизадағы Үлкен еЕгипет мұражайының ашылуына зор үміт артып отыр. Аумағы 300 мың шаршы метрден асатын кешеннің құрылысы түрлі себептерге байланысты бірнеше рет тоқтап қалған. Десе де биыл ашылатын болды. Ол әлемдегі ең ірі мұражайлардың біріне айналмақ.
Ахмед Исса, Египеттің туризм министрі:
-Жаңа мұражайдың ашылуы және өзге де іс-шаралардың көмегімен 2028 жылы елімізге келген шетелдіктер санын 30 миллионға дейін жеткізуге ниеттіміз. Туримзнің көрсеткіштері жаман емес. Еуроодақ елдерінің азаматтары мен британдықтар тарапынан сұраныс жоғары. Қытайлық саяхатшылар да біртіндеп көбеюде. Сауд Арабиясы мен АҚШ-тан демалуға келетіндер де көп.
Шетелдік демалушылдардың сүйікті орындарының бірі Біріккен Араб Әмірліктері. Былтыр бір ғана Дубайдың өзі 14 миллион саяхатшыны қабылдаған. Биылғы көрсеткіш те жаман емес. Әсіресе ресейліктер көп барып жатыр. Былтырмен салыстырғанда, ел азаматтары тарапынан көктемдегі турларға сұраныс 40 процентке артқан. Екі ел арасында әуе рейстер саны көбейген. Оның үстіне бағалар да сәл арзандаған тәрізді. Тағы бір айта кетерлігі - қазір Дубай үйлену тойларын өткізу бойынша ең танымал орындардың біріне айналып отыр.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через