Саяхат

Бөлісу

Әлемде туристер арасында ең танымал қалалар тізімі жарияланды

Әлемде туристер арасында ең танымал қалалар тізімі жарияланды

Ұлыбританиялық Euromonitor International зерттеу компаниясы туристер арасында танымал қалалар тізімін жариялады.

TOP 100 City Destinations Index 2022 деп аталатын рейтинг ұйымның сайтында жарияланды.

Зерттеу нәтижесінде ең танымал қала атағы Парижге бұйырды. Әлем астанасы саналатын бұл қала екі жыл қатарынан рейтингте көш бастап тұр.

Екінші орынды Дубай иеленді, ал Амстердам мен Мадрид үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті.

Рейтингте бесінші орынға Рим жайғасты, алтыншы - Лондон, жетінші - Мюнхен. Германия астанасы Берлин сегізінші орын, ал Барселона тоғызыншы орынға табан тіреді. Үздік ондықты Нью-Йорк жапты.

Рейтингті құрастырған мамандар қалалардың экономикалық, іскерлік тұстарын сондай-ақ, туристер арасында танымалдылығын, инфрақұрылымын және қауіпсіздігін ескерген.

Дереккөз Tengrinews.kz. Фото: ex.turtella.rukingsrentcars.com

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через