Бір елде су тасыса, басқа жерде дауыл соғып, дүйім жұрттың дегбірін қашырып жатыр.
Вьетнамдағы аптаптың беті қайтар емес. Күн май еритіндей күйіп тұр. Шыжығаны сонша, жан шыдатпайды. Сынап бағанасы 44 градустан асады. Жұрт ыстықтан қорғанудың амалымен әлек. Көбі желдеткіш қосып үйден шықпауды жөн санаған. Бірақ бұл энергия жүйесіне үлкен салмақ болып тұр. Сондықтан электр қуаты өшіріліп жатыр. Өйткені мұндай жүктемеге елдегі энергетика кешендері шыдас бермеуі мүмкін.
Күннің ысуы қазір метро жұмысына да кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған байланысты Ташкентте пойыз қозғалысының жылдамдығы төмендетілмек. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, рельстердің температурасы 55 градустан асқанда жылдамдық уақытша шектеледі. Бүгінде жерастындағы шойын жолдың кей бөліктерінде температура 77 градусқа жетеді екен.
Ирак астанасы құмды дауылдың астында қалды. Бағдат бірнеше сағатқа қара түнекке батып, көшелерін құм басты. Тұрғындар сыртқа шыға алмай, үйлерінде қамалуға мәжбүр. Бетпердесіз шығу мүмкін емес. Айта өтейін, құмды дауыл Ирак тұрғындары үшін үйреншікті құбылыс. Бірақ кейінгі уақытта ол жиілеп кеткен. Осыған қатысты мамандар қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені елде жауын-шашын азайып кеткен.
Ал Жапонияның Айти префектурасында толассыз жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетті. Нөсер демалыс күндері тоқтамай жауған. Соның кесірінен өңірде көлік қозғалысы іркілді. Пойыз қатынасы уақытша тоқтады. 7 үй жарықсыз отыр. Қазір апат аймағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын ғана Жапонияда Мавар тайфуны соққан еді. Сөйтіп 7 префектурада қауіптің 4 деңгейі жарияланды. 300 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бір адам қайтыс болып, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті. #табиғи апат #Вьетнам #Жапония Сондай-ақ... Вьетнамда аптап ыстықтың беті қайтпай тұр Жапонияда тапа-тал түсте атыс болды Жапония жартылай өткізгіштерді сатуға шектеу қойды G7 басшылары Жапонияға жиналды Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі болды
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/603369-lemde-tabi-i-apat-zhiilep-barady
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/603369-lemde-tabi-i-apat-zhiilep-barady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через