Әлемде минералдарды пайдалану төрт есе артады

Әлемде минералдарды пайдалану төрт есе артады
фото: https://baq.kz

Әлемде минералдарды пайдалану төрт есе артады

Парижде экономиканы дамытуға аса қажетті минералдар нарығының келешегі талқыланды.

Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, алдағы уақытта әлемде электрлі көлік пен баламалы энергетиканы қолдануға байланысты никель, кобальт, литий және сирек кездесетін металлдарды пайдалану 4 есе артады. Электрмобиль дәстүрлі көліктерге қарағанда минералды ресурстарды 6 есе, ал жел электр станциясы газ кешеніне қарағанда 9 есе артық тұтынады екен.

Сарапшылар пікірінше, басты мәселенің бірі – аса маңызды минералдардың бірнеше мемлекетте ғана шоғырлануы. Халықаралық агенттік жасыл экономиканы дамытуға қажетті стратегиялық қор құруды ұсынып отыр. Бұл минералды ресурстарға бағаның шарықтап, геоссаяси тұрақсыздықтан сақтауға көмектеседі дейді.

Мұнай нарығында алтынға сұраныс 2-3 процентке өссе болды, бағаның қатты құбылғанын байқайсыз. Ал қазір 400 процент туралы айтып отырмыз. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, кобальт, никель және өзге де маңызды минералдарға сұраныс артады және олардың бағасы күрт құбылуы мүмкін, – деді халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Фатих Бироль.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы