ӘЛЕМДЕ МЕТАЛЛ ҚЫМБАТТАДЫ

ӘЛЕМДЕ МЕТАЛЛ ҚЫМБАТТАДЫ

              Энергетикалық дағдарыс металдың биржадағы бағасына айтарлықтай әсер етті. Кейбір материалдардың құны қазірдің өзінде көпжылдық максимумге жеткен. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды. Лондон металл биржасының дерегі бойынша, қазан айында мыс 10 мың долларға қымбаттаған. Мұндай жағдай кейінгі он жылда бірінші рет тіркеліп тұр. Ал мырыштың құны үш жарым мың долларға өскен. Соңғы рет оның бағасы 2008 жылы қаржы дағдарысы кезінде көтерілген. Мамандардың пайымынша, бұған әлемде металға деген жоғары сұраныс пен жеткізіп берудегі қиындықтар әсер еткен. Ал оның зардабын өндірушілер тартып отыр.

             Мәселен, әлемдегі ең ірі мырыш жеткізушілерінің бірі – Настар Еуропадағы үш зауытта өндіріс көлемін екі есе қысқартатынын мәлімдеді. Қазір Лондон металл биржасындағы қоймаларда мыс қоры 1974 жылдан бері алғаш рет рекордық деңгейде азайды. Қыркүйек айында олардың көлемі 200 мың тонна болса, бүгінде небары 14 мың тоннасы қалған. Голдман Сакс сарапшылары жағдай жыл соңына дейін оңалмайтынын, ал келер жылы қор тіптен таусылуы мүмкін дегенді айтады.

Мәтіндегі ақпарат туралы