Әлемде кедейлер саны артып келеді

Әлемде кедейлер саны артып келеді

       Фото: kursiv.media

 

       1990 жылдан 2018 жыл аралығында өте кедей өмір сүретін адамдар саны айтарлықтай төмендеген. Алайда біраздан бері кедейшілікті азайту тенденциясы тоқтап қалған. Бұл жайлы Дүниежүзілік банктің кедейлік пен теңсіздікті азайту жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры Луис Ф.Лопес-Кальва мәлімдеді.

       EGED аймақтық конференциясында Лопес-Кальва әлемде 1990 жылдардан бері кедейлік көрсеткіштері төмендегенін айтты. 1990 жылы өте кедейлікте өмір сүретін адамдардың саны 2,15 миллиард болса, 2018 жылы ол көрсеткіш 690 миллион адамға дейін қысқарған.

       Алайда, 2020 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын адам саны 70 миллионға өскен.

«Бұл 1990 жылдан бергі Дүнежүзілік банктің жаһандық кедейлік деңгейіне қатысты жүргізген мониторинг барысында байқалған айшықты өзгеріс. Осыларды ескере келе 2022 жыл кедейлікті төмендету бойынша 2020 жылдан кейінгі ең нашар жыл болмақ», деді Лопес-Кальва.

       Сарапшының 2022 жылға арналған болжамына сенсек, жаһандық экономиканың белгісіздігі жағдайында кедейлікті азайту қарқыны бұдан әрі баяулай түспек. Бұған қақтығыстар мен азық-түлік пен энергия бағасының салыстырмалы өсуі себеп болады.

       Осыған байланысты, Дүниежүзілік банктің 2030 жылға арналған кедейлік деңгейі туралы болжамы нашарлаған. Яғни, COVID-19-ға дейін банктің кедейлікке қатысты болжамы 6,5% құраса, қазіргі таңдағы болжам бойынша бұл көрсеткіш 6,8% құрайды. 

       Kursiv.kz