Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды

Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды
фото: abcnews.go.com

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 27-орынға көтерілді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші.

Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.

Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Дереккөз ҚазАқпарат.