2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жарық, жылу мен су үшін тарифтер көтеріледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осындай жоспарымен бөлісті, деп хабарлады Standard.kz тілшісі.
«Мақсат – алдағы 7 жылда электр, су және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі тозу көрсеткіштерін 15 пайызға төмендету. Тарифті көтеру саясаты қоғам талқылауынан өтуі тиіс», - деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, өңірлердегі табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді көтеруді сұрап отыр. Бұл инфрақұрылымды жаңарту үшін қажет.
«Өңірлердегі табиғи монополиялық субектілер мен әкімдіктер ірі кешендерге қажетті жаңа жабдықтарды, қондырғыларды сатып алуы, инфроқұрлымдарды жаңғыртуы керек. Бұл қомақты қаражатты қажет етеді", дейді Ұлттық экономика министрі.
Қазір жеке тұлға бір киловатқа 13 теңге төлесе, заңды тұлға 25-26 теңге, ал бюджеттік ұйымдар 60-67 теңге төлейді.
Фото: uza.uz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через