Халықаралық тәжірибе

Бөлісу

Айшықты орны бар құрылыс компаниясы

Айшықты орны бар құрылыс компаниясы

       Құрылыс индустриясында айшықты орны бар Bi Grup инновациялық құрылыс холдингі Өзбекстандық жетекші Murad Buildings құрылыс компаниясымен бірігіп, Ташкенттегі алғашқы тұрғын үй кешендерін салды. Бүгінде екі ірі ұйымның бастамасымен құрылған NRG компаниясы екі елдің мәдениеті мен құрылыс саласындағы ең озық тәжірибелерді үйлестіруде.  

       Тұрғын үй кешендері ұлы тұлғалардың есімдерімен аталған 

Ұлы ғалым, астроном, мемлекет қайраткері Мирзо Ұлықбекке құрмет көрсете отырып, жобаның біріне оның есімін беру туралы шешім қабылданды. NRG Mirzo Ulugbek тұрғын үй кешені қасбетінің романтикалық стилі озық әрі сенімді техникалық және инженерлік стандарттармен астасқан. 

       NRG Oybek кешеніне өзбек халқының ұлы ақыны Ойбектің есімі берілген. Мұндағы ерекше дизайнмен әрленген залдарда жазылған ақынның қанатты сөздері мен безендіруде қолданылған айналар, мәрмәр, мыс, ағаш пен италиялық фарфор келушілердің назарын аударатыны анық. Ал кешеннің кіреберісіне Ташкенттің танымал суретшісінің бірегей картиналары сән беріп тұр. 

       NRG Mirzo Ulugbek және NRG Oybek тұрғын үй кешендері өте ыңғайлы жерде орналасқан: қажетті әлеуметтік мекемелерге жету дамыған инфрақұрылымның арқасында оңай бола түсті. 

       Үйлердің орталықта орналасуы коммерциялық қызметтің дамуына да сеп болады. Дұрыс жобалау мен тиімді логистика бизнестің тиімділігін арттырып, келушілердің көбеюін қамтамасыз етеді. 

       Салт-дәстүр мен озық технологиялардың тоғысқан жері

NRG Mirzo Ulugbek кешені – салт-дәстүрді қастерлейтін адамдар үшін таптырмас мекен. Кешеннің 3 және 4-ші кезегі аумағында барлық тұрғындар үшін арнайы шайхана салынады. Мұнда жергілікті тұрғындар көрші-қолаңның ортасында "ғап" (мәжіліс) өткізе алады.

       Ал жеке кеңістікті сүйер қауым үшін арнайы ұсыныс қарастырылған: City House деп аталатын жеке ауласы бар үйлерде тұрғындар жақындары мен достарын жинап, демала алады. Жасыл көгал төселген мұндай аулаларда барбекю жасап, тіпті, бағбандықпен айналысуға болады. 

       NRG Oybek тұрғын үй кешені – NRG компаниясының отбасылық үй санатындағы алғашқы smart-нысаны. Әрбір подъезде Face ID функциялары және саусақ ізін пайдалану арқылы кіру мүмкіндігі бар IP-домофония орнатылған. Сонымен қатар кешендегі лифтер сенсорлық түймешелермен жабдықталған.  

       Аулада авторлық дизайнмен жасалған түрлі ағаштар мен бұталардың ландшафты көз тартады. Сондай-ақ мұнда ойын автоматтарымен жабдықталған балалар ойын бөлмесі мен бүлдіршіндерге арналған манеж де табылады. Ал кішкентай өнерпаздар үшін балалар бөлмесінде амфитеатр мен сурет салуға арналған мольберт қарастырылған. 

       Алдағы уақытта кешенде тұрғындар әрбір мерекені тойлай алатын қонақ бөлмесін ашуды жоспарланған. Үй-жайларға NRG Service сервистік компаниясы қызмет көрсетеді.

       Тұрғын үй кешендері кілтсіз кіру жүйесі, күзет, бейнебақылау, автотұрақтағы smart жарықтандыру жүйесі мен "ақылды" шлагбаумдармен жабдықталған. 

       Екі елдің жүйелі серіктестігі

       Құрылыс компанияларының жетекшілері қазақ-өзбек ынтымақтастығы тұрақты кәсіби байланыстарды қалыптастыруға серпін беріп, екі елдің сәулет және құрылыс секторын дамытудың драйверіне айналатынына сенімді. Бұған қоса бұл серіктестіс цифрлық технологияларды қолдана отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік сыйлайды. 

       "Өзбекстан экономикасының шетелдік инвестиция үшін ашық болуы бүгінгі күні әлемдік инвесторлардың назарын аударып отыр. Қазірдің өзінде Ташкентте жергілікті құрылыс компанияларынан бөлек, түрік, қытай, үнді, кореялық ұйымдар жұмыс істеуде. Байқағанымыздай, бәсекелестік өте жоғары, сондықтан біз лайықты орыннан көрінетінімізге сенеміз. Жергілікті экономиканың елеулі әлеуеті, BI Group-тің 26 жылдық тәжірибесі және Murad Buildings және BI Group-тың табысты серіктестігі 35 мың тұрғыны бар республиканың нарығында керемет мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашады”, – дейді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев. 

       Өзбекстан экономикасы қарқынды түрде дамып келеді: соңғы төрт жылда елдің жалпы ішкі өнімі 4,5%-дан 6,9%-ға дейін көтерілген, өсім 24%-ды құраған. Сарапшылардың болжамы бойынша Өзбекстанның жылжымайтын мүлік нарығы ел экономикасының дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналуы мүмкін.

      Айта кетсек, NRG бүгінгі күні NRG U-Tower және NRG Highland жобаларын жүзеге асыруды қолға алды. Сондай-ақ тағы екі нысанды іске қосу жоспарлануда. Болашақта компания Өзбекстан нарығындағы позициясын нығайтуды жоспарлап отыр.

       Stan.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через