2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Air Astana қазақстандық компаниялар тобының кірісі 91,1 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылдың дәл осы кезеңіндегі 9,9 млн АҚШ доллар көлеміндегі шығынға қарағанда өсім көрсетті. Жолаушылар легі 91 пайызға артып, 2,97 млн адамға жетті. Оның 2,5 млн жолаушысы ішкі бағыттар бойынша тасымалданып, нарық 125 пайызды құрды.
Оң нәтижелер туралы Air Astana президенті Питер Фостер былай деді: «Air Astana мен FlyArystan екі бренді ішкі бағыттар бойынша өзін жақсы қырынан көрсетті. Нарықтың сенімді өсімі мен қазақстандықтардың теміржол тасымалына қарағанда әуе тасымалын таңдауы Қазақстанды әуе тасымалының жедел өсіп жатқан ішкі нарығына айналдырды. Жолаушылар айналымы 2019 жылға қарағанда 31 пайызға өсті. Бұған FlyArystan-ның төмен бағадағы тарифі сеп болды».
– Нәтижелердің жақсаруына аймақтық бағыттар табысының артуы, Мальдив аралдары, Қызыл теңіз, Черногория, Дубай, Түркия, Грузия мен Шри-Ланка сияқты курорттық бағыттарға сұраныстың артуы, сонымен қатар Boeing 767 жартылай жүк ұшағы орындайтын жүк чартерлері жақсы әсер етті, – деді компания басшысы.Дегенмен Фостер екінші жартыжылдықтың нәтижелерін сақтықпен болжайды. «Қазақстанда және басқа да мемлекеттерде коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері артты. Қалыпқа келудің тұрақтылығы Covid-тің жаңа штамдарының пайда болуы мен жаппай вакциналау нәтижелеріне орай өзгеруі мімкін».
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через