фото: https://dzen.ru
Көптеген автокөлік жүргізушілері, әсіресе климаты қатал аймақтардың тұрғындары автомобиль қозғалтқышының аязда қаншалықты қиналып, не үшін оталмай қалатынын біледі. Көбіне бұл жағдай температура күрт өзгеріп, кешке термометр бағаны -10ºС-ты, ал таңертең -30ºС-ты көрсеткен кезде пайда болады. Мұндай мәселе көлікті суық гаражда немесе сыртта бірнеше күн қалдырған жағдайларда да туындайды.
Автокөліктің аязда оталмауының себептері
Көліктің аязда оталмауының негізгі себебі – аккумулятордың күйі. Ол 80% жағдайда жағымсыз жәйттің «себепкері» болады. Себебі, төмен температура энергияны тез «жейді». Бұл әсіресе ескі батареяларға қатысты, бірақ жаңаларында проблема болмайды деген сөз емес. Сонымен бірнеше белгі сізді әбігерге салған аккумулятор екеніне көз жеткізуге көмектеседі. Егер батарея толығымен таусылған болса, онда кілт бұралған кезде бақылау тақтасындағы белгілер жанбайды. Кез-келген дыбыстың болмауы батареяның қуаты таусылғанын көрсетеді.
Қозғалтқыштың аязда оталмауының жиі кездесетін екінші себебі – қыс маусымына арналмаған май. Ол толығымен тоңазып қалуы мүмкін. Сіз оны «зондпен» тексере аласыз: тоңазыған май ағып кетпей, жәй ғана созылады. Бұл жағдайда қозғалтқышты іске қосу өте қауіпті. Себебі, қозғалтқыштың құрғақ күйде жұмыс істеуі күрделі жөндеуге соқтырады.
Аязда қозғалтқыштың істен шығуының басқа да себептері
Аязда қозғалтқыштың іске қосылмауының басқа да себептері бар. Олардың бірі – бензин жану камерасына түспейді немесе өте аз түседі. Бұл жағдайда: бензин сапасыз; саптамалар лас; бітелген жұқа немесе өрескел сүзгілер; жанармай сорғысының жұмысындағы ақаулар; жұмыс істемейтін РДТ (отын қысымын реттегіш); іске қосу температурасы -30ºС төмен; тұтану катушкаларының қанағаттанарлықсыз күйі; токтың ағып кетуіне әкелетін жоғары вольтты сымдардың жарықтары болуы мүмкін.
Ernur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через