фото: azattyq-ruhy.kz
Қазақстанда АИ-95 бензинінің қымбаттау қаупі бар. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
«АИ-92-ге келсек, қажетті көлемде бензин қорын алдық. Мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында 23 күнге жететін қор бар. АИ-92 бойынша қауіп жоқ, бізде АИ-95 бензині бойынша белгілі бір тәуекелдер пайда болды. Баға өсуі мүмкін. Бірақ бұл - жазғы маусымда сапарлардың көбеюіне байланысты реттелмейтін мәселе. Әсіресе курорттық аймақтарда қатынас қызады. Осыған байланысты біз 95-ші бензин бойынша баға өсімі қатерін көріп отырмыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ, ведомство басшысы жағдайдың бақылауда болатынын айтты.
«Жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Мұнай өндіруші ұйымдармен, Ресей Федерациясының желілік компанияларымен АИ-95 бензин көлемінің импортын қамтамасыз ету туралы кеңестер өткізілді», - дейді министр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через